АҚШ боксшылары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ боксшылары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

АҚШ боксшылары 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

 

  • 9 Ақпан 2023
  • 31
Фото - Caravan.kz

АҚШ бокс федерациясының басшылығы ерлер мен әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатына Ресей мен Беларусь өкілдерінің ол жаққа келуіне байланысты қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл бойкотқа Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Ресей мен Беларусь боксшыларының өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат беруі себеп болып отыр. Американдық бокс федерациясының басшысы Майк Макэйти ресми хатында халықаралық ережелер мен фэйр-плей қағидаттарына сәйкес келмейтін шағымдарды айтты.


Алты ай бұрын Халықаралық бокс қауымдастығы саяси бейтарап ұйым болып қала беретінін атап өтіп, Ресей мен Беларусь боксшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешімнің күшін жойған болатын.

2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда 1-14 мамыр аралығында өтеді. Әйелдер наурыздың 15-і мен 31-і аралығында Үндістанда өтетін әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар