АҚШ-та тұратын қазақ Головкинды алаяққа теңеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та тұратын қазақ Головкинды алаяққа теңеді

АҚШ-та тұратын қазақ Головкинды алаяққа теңеді

Бұрыңғы қазақстандықтың айтуынша, демеушілер Геннадий Головкинның жекпе-жектерің «сатып» алады екен, деп жазады ИА «Ne

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 1351
Фото - Caravan.kz

Бұрыңғы қазақстандықтың айтуынша, демеушілер Геннадий Головкинның жекпе-жектерің «сатып» алады екен, деп жазады ИА «NewTimes.kz».

Батыс Қазақстанның тумасы 33 жастағы Берік осыған дейін аталмыш басылымның кейіпкері болған еді. «АҚШ-та тұратын қазақстандық ФТБ-ға (ФБР) жұмысқа орналаспақ» мақаласында бұл азамат жұмысқа қабылдау барысы жайлы айтқан болатын.

АҚШ-та алты жыл тұрып, азаматтығын алғанымен, Берік Қазақстанда болып жатқан жаңалықтарды бақылап отырады.

«Қазақстанда көрінген алаяқты күтіп алады. Головкин жайлы да осылай айтуға болады. Оның демеушілері жекпе-жектерді сатып алады. Ол бар болғаны актер ғана. Оның бас демеушілері кімдер? «Самрұк-Қазына», Цесна банк, BI Group. Бұның бәрі Қазақстан үкіметіндегі адамдарға тиесілі. Бұның барлығы елдің имиджін көтеру үшін жасалады», — деді Берік.

«Ол Олимпиадада чепион болған жоқ. Бар болғаны күміс алды. Спортшы ретінде және боксшы ретінде ол — кәсіпқой емес. Бірақ, Қазақстанда оны Құдайдай күтіп алады», — деп айтып өтті АҚШ азаматы.


Ол Головкинды «ЭКСПО»-мен салыстырды.

«Головкин «ЭКСПО» сияқты. Екеуі де Қазақстанға тиімсіз. Бүкіл әлем «ЭКСПО» жайлы ойламайды да. Америкалықтардың көбі «ЭКСПО» дегеннің не екенін де білмейді. Сұрасаң ол маркер деп жауап береді. Америкада маркерлерді «ЭКСПО» деп атайды, — деді ол.

Бұрыңғы қазақстандық спорт министрлерін сынап, олар спортшыларды сатып алмай, өздері дайындау керектігін айтты.

«Спорт министрлігі Олимпиадаға да спортшыларды сатып алады. Лондон мен Пекинде Қазақстанға еш қатысы жоқ адамдарды сатып алды. Бұл Қазақстанның спорттағы деңгейін көтермейді. Мемлекет ақшаны спорт мектептеріне жұмсауы керек», — деп қорытындылады Берік.

Соңғы жаңалықтар