Жарияланды: 450

Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды

Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды.

Бұл туралы галереялық тұрғын үйдің жетінші қабатындағы қоқыс құбырының қасында түрлі дене мүшелері салынған екі сөмкені тапқан 27-ші шағынауданның тұрғындары хабарлады. «Оқиға орнын қарау кезінде жедел-тергеу тобы ішінде белгісіз әйелдің бөлшектенген денесінің бөліктері салынған сөмкелерді анықтады. Аталған фактіге байланысты 2012 жылдың 14 қарашасында ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Бастапқы тергеу-жедел шараларын өткізу кезінде өлтірілген әйелдің тұлғасы анықталды. Ол Ақтау қаласының «Р» есімді 30 жастағы тұрғыны болып шықты», - деп түсіндіріп өтті болған оқиғаны Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиева. Бұл оқиғаға байланысты жедел-тергеу шараларын өткізу кезінде Маңғыстау облыстық ІІД-нің және Ақтау қалалық ІІБ-ның қызметкерлері аталған қылмысты жасауда күдікті танылған Ақтау қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу-жедел шараларын өткізу жолымен оның жасалған қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Тергеуді Ақтау қалалық ІІБ жүргізіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін