Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды

Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды

Ақтауда әйелдің бөлшектелген мүрдесі табылды.

  • 15 Қараша 2012
  • 437
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы галереялық тұрғын үйдің жетінші қабатындағы қоқыс құбырының қасында түрлі дене мүшелері салынған екі сөмкені тапқан 27-ші шағынауданның тұрғындары хабарлады.

«Оқиға орнын қарау кезінде жедел-тергеу тобы ішінде белгісіз әйелдің бөлшектенген денесінің бөліктері салынған сөмкелерді анықтады. Аталған фактіге байланысты 2012 жылдың 14 қарашасында ҚР ҚК-нің 96 бабының 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Бастапқы тергеу-жедел шараларын өткізу кезінде өлтірілген әйелдің тұлғасы анықталды. Ол Ақтау қаласының «Р» есімді 30 жастағы тұрғыны болып шықты», — деп түсіндіріп өтті болған оқиғаны Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлзайда Төлеуғалиева.

Бұл оқиғаға байланысты жедел-тергеу шараларын өткізу кезінде Маңғыстау облыстық ІІД-нің және Ақтау қалалық ІІБ-ның қызметкерлері аталған қылмысты жасауда күдікті танылған Ақтау қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу-жедел шараларын өткізу жолымен оның жасалған қылмысқа қатыстылығы анықталуда. Тергеуді Ақтау қалалық ІІБ жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар