«Ақтөбе» ФК еліміздің барлық футбол командасын жазалауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» ФК еліміздің барлық футбол командасын жазалауды сұрады

«Ақтөбе» ФК еліміздің барлық футбол командасын жазалауды сұрады

«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ал команданың

  • 10 Қараша 2016
  • 802
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен тергеу изоляторына қамалды. Ал команданың жаттықтырушысы Юрий Уткулбаев пен бірқатар футболшы Қазақстанның Премьер-Лигасына енген футбол командаларын қоса жазалау әділ шешім болады деп үндеу жолдады. Құжат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мен Бас прокурор Жақып Асановқа жолданған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бас директор Дмитрий Васильевтің жұмысынан жемқорлық фактісін анықтаған Ұлттық бюро қазір тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал бұл уақытта бас директордың міндетін атқарушы болып Мақсат Тюмалиев тағайындалды.

Дмитрий Васильев қамалған соң «Ақтөбе» футбол клубының жаттықтырушысы мен футболшылар Ұлттық бюро мен Бас прокуратураға үндеу жолдаған. Онда Васильевтің бюджет қаржысын үнемдегені, футболшыларды «сату» арқылы кіріс түсіргені туралы жазылған. «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері легионерлер мен қарапайым ойыншылардың миллиондаған теңгеге шақырылғанын жақсы біледі. Тіпті, бір ойыншы үшін өткен жылы 500 мың доллар жұмсалды. Ал биыл «Ақтөбе» трансферлер үшін бір теңге де шығындаған жоқ. Есесіне, трансферлер арқылы ақша тапты. Мәселен, Дмитрий Васильев «Ақтөбе» командасындағы Стас Покатиловты «Ростов» ФК, ал Асхат Тағыбергенді «Астана» ФК сатып, 69 899 000 теңге кіріс түсірді»,- деп жазылған клубтың ресми сайтындағы үндеуде. Сонымен қатар, жас әрі жергілікті ойыншыларға мүмкіндік берілгені, жоғары білікті мамандардың шақырылғаны тізбектелген. Легионерлер де бұл жылы бюджетке әлдеқайда арзанға түскені айтылған.

«Біз Васильев сыйақыны заңсыз бөлген деген ақпаратқа алаңдап отырмыз. Сондықтан осы деректі жан-жақты тергеуді сұраймыз. Істе көрсетілген қаржы Қазақстан премьер-Лигасындағы өзге футбол командалары үшін өте аз ақша. Егер сыйақы бізге заңсыз берілді деп есептесеңіздер, тек Васильевті емес, біздің команданы, премьер-лиганың барлық командасын жауапқа тартуға болады. Бұл жалғыз дұрыс шешім!»,- деп жазылған үндеуде. Жаттықтырушылар мен футболшылардан құралған 9 адам осы үндеуге қол қойған.


Еске салсақ, 8 қараша күні «Ақтөбе» ФК бас директоры Дмитрий Васильев бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамалды.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ-ның бас директоры Д.Васильевтің бюджет қаржысын жымқырғанын анықтады. Тергеу кезінде бас директор Дмитрий Васильевтің сыйақы төлеу кезінде заңсыз жолмен 300 миллион теңгені иемденгені белгілі болды. Айта кетерлігі, Васильев командаға берілетін сыйақыны өзі тағайындаған. Сонымен қатар, Қазақстан біріншілігінің бірінші кезеңінде үздік алтылыққа ену үшін 69 миллион теңге сыйақы бөлінген екен. Оның 15 миллион теңгесін бас директор өзі иемденген»,- деп жазылған Ұлттық бюро хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар