Аталмыш жарыс елімізде алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Айта кетерлігі, дзюдошылар команда бойынша сайысқы түседі. Президент кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен қатар, қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жарыс Ақтөбе қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде өтеді.