Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер турнирлері өтті
Ақтөбеде 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында әкімнің кубогы үшін ХХХІ қалааралық турнир өтті. |
«Атырау» футбол клбының сайтындағы хабарламаға қарағанда, оған Ақтөбеден - 4, Ақтаудан -2, Арал, Атырау, Қазалы қалаларынан бір-бірден команда қатысты. «Атырау» футбол клбының жастар командасы мен Ақтөбе футбол орталығы командасы арасындағы ақтық сын 3:4 есебімен аяқталды. Үшінші орын үшін болған сайыста Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы Ақтөбедегі №8 дарынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Қарғалы» командасынан 6:2 есебімен басым түсті.
Бұл жарыспен бір мезгілде 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер шағын футболдан Ақтөбе қаласы әкімінің жүлдесі үшін «Қысқы демалыс» турнирі де өтті. Онда атыраулықтар ақтық сайыста Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Олар топтық сайыста «Ақтөбе» футбол командасын 4:2, Ақтөбедегі №8 дарынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 5:3 және Ембі қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 1:0 етіп ұтып, өз тобында жеңімпаз атанды. Ал жартылай финалда екінші топта екінші орны алған Арал қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболшыларынан 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін