Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер турнирлері өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер турнирлері өтті

Ақтөбеде футболдан жасөспірімдер турнирлері өтті

Ақтөбеде 1999 жылы туған жасөспірімдер арасында әкімнің кубогы үшін ХХХІ қалааралық турнир өтті.

  • 14 Қаңтар 2013
  • 404
Фото - Caravan.kz

«Атырау» футбол клбының сайтындағы хабарламаға қарағанда, оған Ақтөбеден — 4, Ақтаудан -2, Арал, Атырау, Қазалы қалаларынан бір-бірден команда қатысты. «Атырау» футбол клбының жастар командасы мен Ақтөбе футбол орталығы командасы арасындағы ақтық сын 3:4 есебімен аяқталды. Үшінші орын үшін болған сайыста Ақтау қаласының «Каспий» футбол клубы Ақтөбедегі №8 дарынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің «Қарғалы» командасынан 6:2 есебімен басым түсті.

Бұл жарыспен бір мезгілде 2000-2001 жылы туған жасөспірімдер шағын футболдан Ақтөбе қаласы әкімінің жүлдесі үшін «Қысқы демалыс» турнирі де өтті. Онда атыраулықтар ақтық сайыста Қазалы қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 2:0 есебімен жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. Олар топтық сайыста «Ақтөбе» футбол командасын 4:2, Ақтөбедегі №8 дарынды балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 5:3 және Ембі қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің командасын 1:0 етіп ұтып, өз тобында жеңімпаз атанды. Ал жартылай финалда екінші топта екінші орны алған Арал қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің футболшыларынан 1:0 есебімен басым түскен болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера