Ақтөбеде жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен қалааралық ашық турнир өтті

Батыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жарысқа Ақтөбе, Атырау, БҚО, Ақтау, Орынбор, Қазалы, ОҚО және Ақтөбе облысы аудандарынан ұзын саны 220-дай балуан қатысып, бақ сынасты.

Осы жарыста БҚО намысын қорғаған Петр Антонов (25 келі, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі), Еламан Сайлауов (29 келі, қаладағы №34 мектептің оқушысы), Николай Антонов (38 келі, Петрдің ағасы) қола медальға қол жеткізді. Бұл балуандардың бапкері - Нариман Қайырманов.