Жарияланды: 450

«Ақжайық» өз алаңында «Болатпен» тең ойнады

6 маусым күні футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» П.Атоян атындағы стадионда Теміртаудың «Болатын» қабылдады.

Қарсыластар қанша тырысқанымен, екі таймда да есеп аша алмай, тең тарқасты. Бұл турдан кейін 10 ұпай жинаған Оралдың «Ақжайығы» 13-орында келеді. Ал «Болат» 17 ұпаймен төртінші орында. Осы турда Қарағандыда жергілікті «Гефест» командасын 3:0 есебімен ұтқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» 22 ұпаймен бұрынғысынша көш бастап келеді. «Ақжайық» келесі ойынын 13 маусымда Екібастұзда «Екібастұзбен» өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін