«Ақжайық» өз алаңында «Болатпен» тең ойнады

Қарсыластар қанша тырысқанымен, екі таймда да есеп аша алмай, тең тарқасты. Бұл турдан кейін 10 ұпай жинаған Оралдың «Ақжайығы» 13-орында келеді. Ал «Болат» 17 ұпаймен төртінші орында.

Осы турда Қарағандыда жергілікті «Гефест» командасын 3:0 есебімен ұтқан Көкшетаудың «Оқжетпесі» 22 ұпаймен бұрынғысынша көш бастап келеді.

«Ақжайық» келесі ойынын 13 маусымда Екібастұзда «Екібастұзбен» өткізеді.