Жарияланды: 500

«Ақжайық» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» 23 маусым күні өз алаңында Алматының ЦСКА командасын қабылдады.

Ойын алаң иелерінің айқын басымдылығымен өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Оралдықтардан Николай Забродин, Руслан Хаиров, Ізім Сәрсекенов мергендік танытты. Бұл турдан кейін 17 ұпай жинаған «Ақжайық» сегізінші орынға көтерілді. Қаскелеңде Көкшетаудың «Оқжетпесін» 2:0 есебімен ұтқан «Сұңқар» 30 ұпаймен бірінші орынға шықты. «Ақжайық» алдағы кездесуін 26 маусым күні өз алаңында тағы бір алматылық команда «Цеснамен» өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін