Жарияланды: 620

«Ақжайық» сырт алаңда Семейдің «Спартагымен» тең ойнады

Кеше футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының командалары кезекті турдың ойындарын өткізді.

Оралдың «Ақжайығы» Семейде жергілікті «Спартакпен» күш сынасты. Алаң иелері есеп ашқанмен, көп ұзамай «Ақжайықтың» құрамында ойнайтын камерундық легионер Гок Хабиб қарымта гол соқты. Ойынның 81-минутында «Спартак» тағы да алға шықты. Дегенмен қосымша минуттарда Эльдар Абдрахманов қарсыластар қақпасын дәл көздеп, есепті теңестіріп кетті. «Ақжайық» бұл турдан кейін 14 ұпаймен 9-орында келеді. Оралдықтар алдағы кездесуін 23 маусымда Алматының ЦСКА командасымен өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін