Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионы атанды

Ақжүрек Таңатаров Азия чемпионы атанды

Сонымен қатар Азамат Дәулетбеков – күміс, Нұрислам Санаев пен Дәулет Ниязбеков қола жүлде жеңіп алды деп хабарлайды vesti.kz.

Еркін күрес шеберлерінің белдесуінде 70 келіге дейінгі салмақта Ақжүрек Таңатаров ширек финалда моңғо

  • 15 Мамыр 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

Еркін күрес шеберлерінің белдесуінде 70 келіге дейінгі салмақта Ақжүрек Таңатаров ширек финалда моңғолиялық Хатаанбатаар Даваатсеренді, жартылай финалда жапониялық Моможиро Накамураны айқын жеңді. Ал финалда өзбек балуаны Ихтиор Наврузовтан 11:7 есебімен айласын асырды.

86 келіге дейінгі салмақта Азамат Дәулетбеков финалға дейін сүрінбей жеттті. Шешуші белдесуде ирандық Алиреза Каримимашианиден жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.


57 келіде Нұрислам Санаев және 61 келіде Дәулет Ниязбеков Азия чемпеионатының қола жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, грек-рим күресінен де қазақ балуандары төрт медаль жеңіп алған болатын. Мақсат Ережепов (75 келі) Азия чемпионы атанса, Алмат Кебіспаев (66 келі) пен Дамир Күзембаев (130 келі) күміс жүлдеге ие болған. Ал 90 келіде Ерұлан Ысқақов қола жүлдегер атанған.

Соңғы жаңалықтар