”Әр жекпе-жек сайын деңгейі түсіп кетті”: Сарапшы UFC-ден шығып қалған Азат Мақсұм туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
5 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Әр жекпе-жек сайын деңгейі түсіп кетті”: Сарапшы UFC-ден шығып қалған Азат Мақсұм туралы

”Әр жекпе-жек сайын деңгейі түсіп кетті”: Сарапшы UFC-ден шығып қалған Азат Мақсұм туралы

Спорт комментаторы Исатай Мәди UFC-ден шығып қалған Азат Мақсұм туралы өз ойын айтты.

  • 7 Қараша
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Спорт сарапшысы “Prommo Podcast” YouTube арнасында

”Азаттың UFC-ден кеткеніне 2 аптадай болды. Оған UFC-де менталитет жетпеген сияқты. Жасы 30-ға келіп қалса да, көрген-білгені, тәжірибесі әлі толыспаған сияқты. Төбелескен кезде бала сияқты болып көрінді. Ол UFC-ге келген кезде Тайсон Нэммен жақсы төбелесті. Қиын жекпе-жек болды. Бірақ Азат жеңгені көрініп тұрды. Бірақ әр жекпе-жек сайын Азатта деңгей төмендей берді. Байқағаным, оның бойынан агрессия, көзінен от көрінбейді. Сол нәрсеге қатты таң қалдым. Чарльз Джонсоннан ұтылды. Жарайды, ол кезде қателесті. Тагирге қарсы жекпе-жекте қысым болды, Хабибтың факторы болды деуі мүмкін. Қалай дегенмен Тагир топ 15-тегі жігіт. Жарайды дедік. Бірақ, Митч Рапосо деген UFC-дегі ең әлсіз спортшылардың бірі ғой. Тәкәппарлық көрсеткім келмейді. Дегенмен Митч Ропосо қайда, Азат қайда?! Азат оны 1-1,5 раундта шайнап өтетін адам болуы керек еді. Бірақ жекпе-жекте көргенім — нақты жоспар жоқ, хаус. Не істеді, не қылды? Төбелесінде ешқандай өзіндік ерекшелік жоқ. Мен қазір сынап отырған жоқпын, көрген нәрсемді айтып отырмын. Біз UFC-ге келген жастардың өскенін, дамығанын көреміз. Ал бұл жерде керісінше кері кеткенін көреміз. Джонсонға, Тагирге ұтылуға болады. Бірақ Ропосо дегендерге ұтылуға болмайды ғой. Ропосо да алысқа бармайды. Келесі жекпе-жегінде ұтылып, ол да UFC-ден кетеді”, — дейді ол.

Еске сала кетейік, қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC ұйымынан шығарылды. Ол қатарынан үш жекпе-жекте жеңіліп қалды.

30 жастағы спортшы кәсіби мансабын 2017 жылы бастаған. Ал UFC-де 2023 жылдан бастап өнер көрсетіп келді.

Ол UFC-дегі соңғы жекпе-жегін Абу-Дабиде өткен UFC 321 турнирінде өткізіп, америкалық төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Митч Рапозодан жеңілді.

Осылайша, әлемнің ең беделді ұйымындағы қазақстандық файтердің көрсеткіші бір жеңіс және үш жеңіліс болып тіркелді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера