Аргентина президенті Мессиден ұлттық командадан кетпеуін сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аргентина президенті Мессиден ұлттық командадан кетпеуін сұрады

Аргентина президенті Мессиден ұлттық командадан кетпеуін сұрады

 

  • 28 Маусым 2016
  • 342
Фото - Caravan.kz

 

Аргентина президенті Маурисио Макри футбол жанкүйерлеріне қосылып, Лионель Мессиден ұлттық құрама команданы тастап кетпеуін сұрады. Бұл жөнінде ол Twitter желісіндегі парақшасына жазған.

Президент ұлттық құрама үшін "үлкен мақтаныш" сезінетінін айтып, Мессиді "әлемдегі ең үздік ойыншы" деп атаған. Ол сонымен бірге Мессиге осы сөздерін айту үшін және сыншылардың сөздерін тыңдамауды сұрап қоңырау шалғанын жазған.

Аты аңызға айналған аргентиналық футболист Диего Марадона да Мессиден командадан кетпеуін сұраған.


Футболдан Аргентина ұлттық құрамасы Америка кубогының финалында жеңіліске ұшырағаннан кейін Лионель Месси мансабын осымен аяқтайтынын мәлімдеген. 26 маусымда АҚШ-та негізгі және қосымша кездесуде чилиліктер 4:2 есебімен аргентиналықтарды жеңген.

Соңғы жаңалықтар