"Әркім өзі Құдай бұйыртқан жерінде тұр": Асу Алмабаев Шафкат Рахмоновты көре алмайды дегендерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әркім өзі Құдай бұйыртқан жерінде тұр": Асу Алмабаев Шафкат Рахмоновты көре алмайды дегендерге жауап берді

"Әркім өзі Құдай бұйыртқан жерінде тұр": Асу Алмабаев Шафкат Рахмоновты көре алмайды дегендерге жауап берді

Жекпе-жек шебері Асу Алмабаев өзін Шафкат Рахмноновтың көлеңкесінде қалып жатқан жоқ па деген сұраққа жауап берді.

  • 26 Желтоқсан
  • 15
Instagram/Аман Тасыған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол журналист Аман Тасығанға берген сұхбатына мәлімдеді.

«Жоқ, ондай жоқ, Шавкат менің досым, бауырым. Менің көкейімде бірінші сол чемпион болса екен деген нәрсе тұрады. Сен біреуге жақсылық тілей алмасаң, несіне адам боласың?

Ол өзінің жолы, мен осы деңгейіме өзім шүкір етемін. Өйткені, мен осыдан 5 жыл бұрынғы Асуды елестетсем, қазіргі Асуды, яғни 5 жыл бұрын дұғамда UFC-ге кірсем, осындай деңгейге жетсем деген арманым болатын. Сол сәтте мен тұрмын.

Одан жоғары заттарға ақырындап, ақырындап келе жатырмын. Баланың бағына талассаң да, тағына таласпа дейді ғой. Әркім өзі құдай бұйыртқан жерінде тұр ғой. Сондықтан мынаған мынадай беріп қойды, мынаған мынадай дейтін ниетім жоқ, құдай сақтасын», — деп жекпе-жек шебері.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера