“Арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын”: Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын”: Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады

“Арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын”: Назым Қызайбай маңызды мәлімдеме жасады

Үш дүркін әлем чемпионы, Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Назым Қызайбай маңызды шешім қабылдағанын айтты.

  • 15 Желтоқсан
  • 269
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, 2025 жылға қойған үш мақсаттының екеуін орындағанын айтты.

“Мазалап жүрген ойлар бар да, соны шешпегенше, болмайын деп тұр. 2025 жылға қойған жоспарларым көп болды, шүкір, соның бәріне (дерлік) жеттім. Бірақ мен үшін ерекше маңызды үш үлкен мақсат бар еді:

Біріншісі — үш дүркін әлем чемпионы атану;

Екіншісі — ата-анама үлкен үй сыйлау;

Үшіншісі — өзімнің бокс залымды ашу.

Осы мақсаттардың екеуі орындалды.

Үш дүркін әлем чемпионы болдым, оған қоса осы жылы екі әлем чемпионаты болғандықтан, өз рекордымды жаңартқым келді, бірақ екіншісінде күміс алдым. Осылайша, Әлем чемпионатында толық комплект болды. Отбасыма үлкен үй де алдым, бәрі мәз… Өзімді мақтап қояйын да”- деп жазды ол. 

Спортшының сөзіне сенсек, үшінші мақсатын орындап, бокс залын ашу үшін Олимпиададағы жетістігі үшін сыйға берілген көлігін сатпақшы.

“Жыл аяқталуға жақын, сондықтан үшінші арманымды да биыл жүзеге асырғым келеді. Қазір шағын ғимаратты қарастырып қойдым, ұнап та тұр, соған байланысты бір хабарландыруды бөліскім келеді. Өзімнің әдемі көлігімді сатамын. Бұл көлік маған Олимпиададан кейін сыйға берілген, бір жылдан аса уақыт міндім, жағдайы жақсы. Көлікті жақсы көремін, бірақ арман мен мақсат үшін бұл қадамға баруға дайынмын. Қызығушылық танытқандар жекеге шықсаңыздар болады, болмаса ағама хабарласыңыздар”, — деп жазды ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера