Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

Артаев Головкиннің жеңісіне күмәні бар екенін ашық айтты

  • 31 Қаңтар 2018
  • 970
Фото - Caravan.kz

Афины олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаев орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды zheruiyq.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Головкин мен Альварес реваншы 5 мамыр күні өтетіні ресми түрде жарияланған болатын.

Артаевтың ойынша, екінші жекпе-жекте Головкинге қиын түседі және кездесуде ешкім күтпеген нәтиже тіркелуі мүмкін.

“Қарымта жекпе-жекте ешкім күтпеген нәтиже болуы әбден мүмкін. Менің ойымша, қос боксшы тағы да тең түсетін секілді. Гена ұтылып қалады деп айтқым келмейді, сол себепті тең түсуі қажет”, – деген Олимпиада чемпионы екі мықты жұдырықтасқанда нокауттың болуы екіталай екенін айтты.

“Екінші жекпе-жекте төрешілер кеткен қателікті қайталай қоймас. Головкинге олардың тарапынан қысым болмайды. Шынымды айтсам, Головкин «Канелоны» тек нокаутпен жеңе алады деп болжау қиын.


Бұл – бокс. Шаршы алаңға екі мықты шыққанда нокауттың бола қоюы екіталай. Осы жолы да алғашқы жекпе-жектегідей нокаут бола қоймас. Ешкім күтпеген нәтиже – қос боксшы тең түседі”.

Дегенмен, Головкинге бұл жолы жеңіске жету қиынға соғады. Тең түсуі мүмкін, бірақ жеңіске жете алмайды-ау деген күмәнім бар.

Үшінші кездесу қызықсыз болып қалады. Жанкүйерлер менің ойымды дұрыс түсінбей, дұрыс қабылдамай, көре алмайды деуі мүмкін. Бірақ, біз, бокс маманы ретінде объективті түрде қарауымыз қажет”, – дейді Артаев.

Соңғы жаңалықтар