Асхат Тағыберген Шымкент әкімінің сынынан кейін Ордабасыдан кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 503.15
  • 543.3
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асхат Тағыберген Шымкент әкімінің сынынан кейін Ордабасыдан кетті

Асхат Тағыберген Шымкент әкімінің сынынан кейін Ордабасыдан кетті

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің "Ордабасыдан" кеткенін мәлімдеді.

  • 30 Наурыз
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген «Ордабасы» футбол клубынан кетті. Оның кетуі туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман хабарлады.

«Келісімшарттың аяқталуына 10 ай қалды. Ол толық өтемақы талап етпеді және қаржылық жағынан тиімді емес нұсқаны таңдады. Оның жаңа клубы туралы әзірге ақпарат жоқ, бірақ жақын арада пайда болады», – деп жазды Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қала тұрғындарымен кездесуінде жартылай қорғаушы Асхат Тағыбергеннің жалақысы туралы айтқан еді.