Жарияланды: 100

"Ашкөз және қайыры жоқ": Головкиннің жеке бапкері не үшін кеткенін ашық айтты

"Ашкөз және қайыры жоқ": Головкиннің жеке бапкері не үшін кеткенін ашық айтты Сурет - tengrinews.kz

New York Post басылымы орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық бапкер Абель Санчестен кетуіне қатысты жаңа деректер жариялады.


25 сәуірде Головкин 2010 жылы жаттыға бастаған бапкермен жұмысын тоқтататынын мәлімдеген болатын. Мұны ол өзінің ары қарай ілгерлегісі келгендігімен түсіндірді және бапкердің кәсіби біліктілігіне қатысты еместігін айтқан, деп жазды vesti.kz.

Ал Санчес өз кезегінде қазақстандық боксшыны "ашкөз және қайыры жоқ" деп айптады. Головкин DAZN-мен келісімшарттан кейін бапкердің еңбекақысын төмендеткісі келген екен, бапкер бұған келіспеген.

"Головкин жаңа бапкерінің есімін әлі жарияламады, алайда, сыбыстарға қарағанда, бірнеше маманды қарастырып отыр. Мәлімет көзінің ақпаратынша, 37 жастағы Головкинге DAZN-мен келісімшарттан қаржылай пайданы арттыру бойынша отбасы тарапынан қысым болды. Бұл жоспардың бір бөлігі бойынша бапкерге стандартты он пайыздық еңбекақыны жұмсамау. Санчестің сөзінше, оған бес пайыз ұсынылған", - делінген хескертпеде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін