Әскери қызметшілер арасында тұңғыш рет суда жүзуден чемпионат өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әскери қызметшілер арасында тұңғыш рет суда жүзуден чемпионат өтті

Әскери қызметшілер арасында тұңғыш рет суда жүзуден чемпионат өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери қызметшілер арасында тұңғыш рет суда жүзуден чемпионат өтті.

  • 7 Шiлде 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Чемпионаттың ұйымдастырушысы Қорғаныс министрлiгi әскерiнiң орталық спорт клубы. Сонымен қатар АОСК-ның әскери қызметшілері де бұл сайыста бақ сынасты.

Жарыс барысында әскери қызметшілер жекелей және командалық есепте сайысты. Төрт адамнан тұратын эстафетада қатысушының жасына шек қойылмаса, жекелей жарыста суға жүзушілер жас ерекшелігіне қарай бөлінді. 30 жасқа дейінгі және 40-тан жоғары жастағылар арасында бірінші орынды АОСК-ның мүшелері иеленді. Мәселен, 40 жастан жоғарылар арасында АОСК-ның бастығы полковник Ерлан Таласбаев өзінің шеберлігін байқатты.

Сондай-ақ Қазақстанның Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов та жас мамандарға жақсы үлгі боларлықтай өнер көрсетті. Ол жүз метрлік ара қашықтықты жылдам әрі жеңіл жүзіп өтіп, үздік нәтижеге қол жеткізді.

Ал, әйелдер арасында АОСК-ның әскери қызметкері лейтенант Татьяна Соловьева үздік атанды. Жеке жүзуде ол 50 метрлік қашықтықты 53.34 секундта жүзіп өтті.

АОСК-ның басшысы мұндай чемпионаттың енді жыл сайын өтіп тұратындығын және жеңіске ұмтылғандар үшін ол үнемі жаттығып, үлкен жетістікке жетуіне мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар