Әспеттеген Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әспеттеген Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Әспеттеген Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, Аршавиннің медалі үшін Қайнар 4 мың рубльдан аз ақша сұрап отыр.

  • 26 Қараша 2016
  • 1156
Фото - Caravan.kz


«Қайрат» ойыншысы Андрей Аршавин Қазақстан кубогы финалисі медалін марапаттау рәсімінен кейін лақтырып жіберді. Енді ол сатылымға шығарылды.

Vesti.kz басылымының хабарлауынша, «Астана» командасынан жеңілгеннен кейін (0:1) Аршавин өзінің медалін трибунада отырған жанкүйерлердің біріне лақтырды. Ресейлік футболистің жүлдесін студент Қайнар Ғаббасов ұстап алған. Жас жігіт тапқан олжасын сатылымға шығарды. Сөзіне қарағанда оның тауарына «Қайраттың» бірнеше фанаты ұсыныс тастап үлгерген. Ғаббасовтың өзі оралдық “Ақжайық” командасының жанкүйері. Өкінішке қарай, БАҚ саудагердің нақты қанша соманы белгілегенін жазған жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде таралған ақпаратқа сүйенсек, Аршавиннің медалі үшін студент 20 мың теңге сұрап отыр (шамамен 3800 рубль).

Соңғы жаңалықтар