«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші маусымын сәтті бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші маусымын сәтті бастады

«Астана арландары» Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші маусымын сәтті бастады

Бүкіләлемдік бокс сериясының үшінші маусымындағы алғашқы кездесуін «Астана арландары» кеше сырт алаңда Киевтің «Украин атамандарымен» өткізді.

  • 17 Қараша 2012
  • 380
Фото - Caravan.kz

Онда астаналық Мирас Жақыпов (54 кг) 3 минуттан тұратын 5 раундтық сайысында қазылардың бір ауыздан қабылдаған шешімімен 3:0 есебімен қарсыласы Иван Ильницкийді айқын басымдықпен ұтты. Бұл Мирастың Бүкіләлемдік бокс сериясындағы алғашқы жекпе-жегі болса, Иванның үшінші кездесуі болатын. Осыған қарамастан украин былғары қолғап шебері қатарынан үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татты. Бұл спортшы атап айтқанда осымен екінші рет қазақстандық боксшылардан ұтылып отыр.

Мирастың жеңісті жолы алайда Ержан Мүсәпіровке (61 кг) жұғысты болмады. Вячеслав Кислицынға 0:3 есебімен есе жіберген ол алаң қожайындарының есепті теңестіруіне мүмкіндік беріп қойды. Одан кейін астаналықтардың украиналық легионері Сергей Деревьянченко (73 кг) өз жерлесі Дмитро Митрофановты 3:0 етіп ұтып, таразы басын қазақстандық боксшылардың пайдасына аударған еді. Ирандық легионер Эхсан Роузбаханиді (85 кг) 1:2 есебімен жеңген Денис Пояцика есепті қайта теңестіріп, жарыс көрігін одан сайын қыздыра түсті. Сондықтан кездесудің тағдыры аса ауыр салмақтағы боксшылардың ақтық кездесуінде шешілді. Бұл сайыста хорватиялық легионер Филипп Хргович (+91 кг) Ростислав Архипенконы 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Соның нәтижесінде «Астана арландары» мен «Украин атамандары» арасындағы қорытынды есеп 3:2 есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді.