Жарияланды: 300

«Астана арландары» «Милан найзағайларына» қарсы шығар құрамын жариялады

«Астана арландары» «Милан найзағайларына» қарсы шығар құрамын жариялады

«Астана арландарының» бапкерлер ұжымы 14 желтоқсанда Алматыда өтетін «Милан найзағайлары» командасына қарсы кездесуге шығатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлады команданың баспасөз қызметінен.

«Аламан» агенттігінің жазуынша, бұған қоса, қарсыластарымыздың да құрамы белгілі. Бір қызығы, өткен маусымда «арландар» намысын қорғаған алжирлік Беншабла енді біздің командаға қарсы шығады. Ал, керісінше, былтыр «Милан найзағайлары» сапында бокстасқан Сергей Деревянченко биыл экс-командасына қарсы қолғап түйістіреді. 54 келі Бағдад Әлімбеков (Қазақстан) - Даниеле Лимоне (Италия) 61 келі Эрик Мартин Донован (Ирландия) - Бранимир Станкович (Сербия) 73 келі Сергей Деревянченко (Украина) - Мишель Таварес (Франция) 85 келі Рамжон Ахмедов (Өзбекстан) - Абдельхафид Беншабла (Алжир) +91 келі Михай Нистор (Румыния) - Тони Йока (Франция)

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін