Астана арландары жанкүйеріне қолтаңба қалдыру мүмкіндігіне ие болды
17 қаңтар күні «Мега Алматы» сауда ойын-сауық орталығында Бүкіләлемдік бокс сериясының тұрақты маусымы аясында кездесетін Астана арландары мен украин атамандары командалаларының қатысуымен баспасөз мәслихаты болады. |
Екі команда арасындағы шаршы алаңдағы айқас 18 қаңтар күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.
Жекпе-жектер мына боксшылардың арасында:
50-54 келі Мирас Жақыпов (Қазақстан) - Александр Рискан (Молдовия)
57-61 келі Самат Башенов (Қазақстан) - Дмитро Руденко (Украина)
68-73 келі Константин Снигур (Израиль) - Иван Голуб (Украина)
80-85 келі Ехсан Розбахани (Иран) - Сергей Лапин (Украина)
+91 келі Руслан Мырсатаев (Қазақстан) - Анатолий Антонюк (Украина)
Айта кетерлігі, бұл жолғы баспасөз мәслихаты түбегейлі жаңа форматта өтпек. Нақты айтқанда, біріншіден шараға жұма күні жұдырықтасатын екі команданың боксшыларымен қатар Астана арландарының барлық мүшелері де қатысады. Екіншіден, баспасөз мәслихаты аяқталғаннан кейін боксшылар өз жанкүйерлеріне автограф-сессия өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, WSB тұрақты маусымы аясында жоспарланған 10 кездесудің 5-еуі өтіп, Астана арландары ғана еш кездесуде қарсыластарына есе жібермеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін