Жарияланды: 400

«Астана арландары» жеңіліссіз келе жатқан «Британ арыстан жүректілерін» тас-талқан етті

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бүкіләлемдік бокс сериясының (WBS) үшінші маусымындағы "Астана арландары" (Astana Arlans) мен "Британ арыстан жүректілерінің" (Brititish Leonhearts) жекпе-жегі өтті.

Онда тәжірибелі Мирас Жакыпов (54 кг) ұлыбританиялықтардың дебютанты Жамал Яфайды 3:0 есебімен ұтып, жаңа маусымдағы екінші ірі жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол Киевте «Украин атамандарымен» болған алғашқы жекпе-жекте Иван Ильницкийді ұтып, астаналықтардың жеңісті жолын бастаған болатын. Онда Вячеслав Кислицынға есе жіберген тәжірибелі Ержан Мүсәпіров (61 кг) бұл жолы ұлыбританиялықтардың дебютанты Джош Тэйлордан (3:0) еңсесі биік болды. Одан кейін екі команда да шаршы алаңға өз дебютанттарын шығарды. Мұнда алдымен «астаналықтардың» израильдік легионері Константин Снигур (73 кг) қонақтардың шотландиялық легионері Астон Браунды айқын басымдықпен ұтып (3:0) «Астана арландарын» мерзімінен бұрын жеңіске жеткізді. Соның нәтижесінде қазақстандықтар «В» тобында 3 кездесудің қорытындысы бойынша жеңіліссіз келе жатқан жалғыз командаға айналфп, көшбасшылығын даралай түсті. Ал жартылай ауыр салмақтағы эстониялық Айнар Карлсон (85 кг) швециялық Бабакар Камараны, аса ауыр салмақтағы хорватиялық Филипп Хргович (+91кг) марокколық Мұхаммед Арджауиді 3:0 етіп жеңіп, жалпы есепті 5:0-ге дейін жеткізді. Соның нәтижесінде «Астана арландары» қатарынан екінші рет қарсыластарын 5:0 есебімен ойсыра ұтып, бұл маусымда WSB кубогын иеленуден басты үміткер екенін дәлелдеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін