«Astana Arlans» командасының капитаны сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Astana Arlans» командасының капитаны сайланды

«Astana Arlans» командасының капитаны сайланды

Бүгін «Astana Arlans» клубының жатттығу базасында жаңа капитанның есімі белгілі болды.

  • 24 Қазан 2012
  • 376
Фото - Caravan.kz

Бүкіләлемдік бокс сериясында ел намысын қорғайтын «астаналықтар» арасында Қанат Ісләмнің кәсіпқой боксқа ауысуына орай жабық дауыс беру арқылы жаңа капитанды сайлау рәсімі өткен болатын. «Астана спорт» басылымы таратқан хабарламаға қарағанда, былғары қолғап шеберлерінің көпшілік дауысымен Самат Башенов команда капитаны болып сайланды. Ол сондай-ақ, құрамына Ержан Мүсәпіров, Сергей Деревянченко, Роман Капитоненко мен Рамжон Ахмедов енген жаңадан құрылған Спортшылар кеңесінің мүшесі болып отыр.

Спорт шебері Самат Башенов 1988 жылы 18 қаңтарда туылған. Ең тәжірибелі боксшылардың бірі саналатын ол 2010 жыл ҚР Президенті кубогының иегері, ал 2011 жыл ел чемпионы атанды. «Astana Arlans» клубының құрамына өткен маусымда мүше болып кірген Самат Бүкіләлемдік бокс сериясында 61 келі салмақта 2 кездесу өткізді. Алдымен «Venkys Mumbai Fighters» клубынан Чарли Суаресті жеңіп, бірақ «Mexico City Guererros» клубының легионері Хуршид Тожибаевқа есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар