Жарияланды: 30

"Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бірінші орынды сақтап қалды

 "Астана" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі бірінші орынды сақтап қалды

Қазақстандық команда үш ойында да ұпай жинады.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі матчта "Астана" футболшылары чехиялық "Яблонецпен" тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

К тобындағы үшінші тур ойындары Яблонец-над-Нисоу қаласындағы "Стржельнице" стадионында өтіп, 1.1 есебімен аяқталды. Матч протоколымен мына жерде таныса аласыз.

Командалар екі голды да матч басында салды. Төртінші минутта "Яблонец" жартылай қорғаушы Якуб Поваженц голынан кейін алға шықты, алайда, 11-ші минутта бразилиялық хавбек Педро Энрике коноголық Жуниор Кабаганганың нәтижелі пасымен "Астана" есебін теңестірді.

Энрике ары қарай да белсенді ойын көрсетті, бірақ, үзілісте оның орнына Серікжан Мужиков шықты.

Екінші таймда командалар жиі шабуыл жасағанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін