«Астана» футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт фактор
![]() |
- «Астана» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында клубтың президентi Саян Хамитжанов жас футбол клубының жетiстiктерiне себеп бiрнеше факторды атады. |
"Астана" ФК жеңiсiнiң сыры неде десек, бiрқатар факторларды атап өтуге болады. Бiрiншi фактор - футбол клубының кураторлары - елорда әкiмi, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы бұл спорт түрiне көп көңiл бөледi. Екiншi фактор - команданың бас бапкері Станимир Стойловтың еңбегi. Бұл кiсi жоғары класты жаттықтырушы, өз iсiнiң нағыз шеберi, күнi-түнi тек футболды ғана ойлайды. Соңғы екi жыл бойы екi маусым iшiнде бас бапкер команданың ойнау тәсiлiн, футболшылардың психологиясын түбегейлi өзгерттi. Үшiншi фактор - ол бiздiң ойыншыларымыздың еңбегi. Мен үшiн командамыздың әр ойыншысы Қазақстандағы ең мықты ойыншы. Төртiншi фактор - клубтың әкiмшiлiк штабының жұмысы. Алаңға шығатын команданың артында тағы жүздеген адам "көзге көрiнбейтiн" жұмыс атқарып отыр. Мiне, "Астана" командасының аз уақыттағы жетiстiгiнiң сыры осы. Тағы бiр фактор бар - менiң ойымша, команданың президентi де жаман жұмыс iстемейтiн сияқты",-деп қалжыңдады С.Хамитжанов.
Естерiңiзге сала кетейiк, "Астана" - елорданың кәсiби футбол клубы. 2009 жылы негiзi қаланған клуб президенттiк кәсiби спорт клубының құрамындағы команда. 2014 жылғы Қазақстан чемпионы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін