«Астана» футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт фактор - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт фактор

«Астана» футбол клубының аз уақыттағы жетiстiгiне себеп төрт фактор

- «Астана» футбол клубының УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңiне өтуiне байланысты ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында клубтың президентi Саян Хамитжанов жас футбол клубының жетiстiктерiне себеп бiрнеше факторды атады.

  • 8 Қыркүйек 2015
  • 519
Фото - Caravan.kz

"Астана" ФК жеңiсiнiң сыры неде десек, бiрқатар факторларды атап өтуге болады. Бiрiншi фактор — футбол клубының кураторлары — елорда әкiмi, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы бұл спорт түрiне көп көңiл бөледi. Екiншi фактор — команданың бас бапкері Станимир Стойловтың еңбегi. Бұл кiсi жоғары класты жаттықтырушы, өз iсiнiң нағыз шеберi, күнi-түнi тек футболды ғана ойлайды. Соңғы екi жыл бойы екi маусым iшiнде бас бапкер команданың ойнау тәсiлiн, футболшылардың психологиясын түбегейлi өзгерттi. Үшiншi фактор — ол бiздiң ойыншыларымыздың еңбегi. Мен үшiн командамыздың әр ойыншысы Қазақстандағы ең мықты ойыншы.   Төртiншi фактор — клубтың әкiмшiлiк штабының жұмысы. Алаңға шығатын команданың артында тағы жүздеген адам "көзге көрiнбейтiн" жұмыс атқарып отыр. Мiне, "Астана" командасының аз уақыттағы жетiстiгiнiң сыры осы. Тағы бiр фактор бар — менiң ойымша, команданың президентi де жаман жұмыс iстемейтiн сияқты",-деп қалжыңдады С.Хамитжанов.

Естерiңiзге сала кетейiк, "Астана" — елорданың кәсiби футбол клубы. 2009 жылы негiзi қаланған клуб президенттiк кәсiби спорт клубының құрамындағы команда. 2014 жылғы Қазақстан чемпионы.


Соңғы жаңалықтар