«Астана» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+28 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды

«Астана» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды

Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын «Астана» футбол командасының жаңа жаттықтырушысы тағайындалды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 470
Фото - Caravan.kz

Клубпен қазақстандық белгілі маман Ойрат Сәдуов келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды елордалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Ойрат Сәдуовтың «Астана» командасының жаттықтырушысы ретіндегі алғашқы сынағы 16 шілде күні болады. Елордалықтар Петропавлдың «Қызылжар» командасымен кездеседі.

Ойрат Батайұлы Сәдуов 1961 жылы 4 ақпанда дүниеге келген. Павлодар футболының түлегі. 1980, 1982-1986, 1989-1998 жылдары Павлодардың «Трактор» («Ансат», «Ертіс») командасында ойнаған. Команда құрамында барлығы 440 ойын өткізіп, 7 гол салған. Сондай-ақ 1981 жылы алматылық «Қайрат» командысының құрамында, 1988 жылы қарағандылық «Шахтердің» құрамында, Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсеткен.