Жарияланды: 30

«Астана» футболшылары даниялық клубқа қарсы ойында Денис Теннің суреті бар киім киіп шықты

«Астана» футболшылары даниялық клубқа қарсы ойында Денис Теннің суреті бар киім киіп шықты

Ойында елордалық командаға жеңіс сыйлаған екі голды да алыс қашықтықтан Ласло Кляйнхайслер соқты.

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында "Мидтьюлландты" ұтты. Елордада өткен кездесуде отандастарымыз 2:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлады vesti.kz

Командалар арасындағы ойын 19 шілде күні дүниеден озған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алумен басталды.

Елордалық команда бірінші таймда есеп ашты. 31 минутта Ласло Кляйнхайслердің алыстан тепкен добы "Мидтьюлланд" командасының қақпасында тулады.

Дат командасы екінші таймда таразы басын теңестірді. 51 минутта Викхейм"Астана" қорғаушысынан сытылып өтіп, соққы жасады. Ненад Эрич жартылай қорғаушының жерлете тепкен добын қайтарып үлгермеді.

Есеп теңескеннен кейін елордалық команда шабуылын үдетті. Соңғы минуттарға дейін гол соғуға ұмтылып, жеңіске бастар жолды іздеді. Негізгі уақытқа қосылған соңғы 4 минутта "Астана" алға шықты. Бұл жолы да Ласло Кляйнхайслер алыс қашықтықтан қақпаны тура көздеді. Есеп 2:1.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін