«Астана» хоккей клубы алғашқы жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» хоккей клубы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Астана» хоккей клубы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

«Барыс» спорт кешенінің мұз айдынында сейсенбі күні «Астана» және «Барыс-2» хоккей командалары кездесті.

  • 27 Шiлде 2011
  • 434
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Командалар 30 минуттан екі кезең ойнады. Ойынның жолдастық кездесу болғандығына қарамастан, мұз үстіндегі шайқас қызу болды. Бірінші болып есепті «Астана» хоккейшілері ашты: шайбаны 14-ші нөмірдегі Руслан Васин соқты. Бірақ қарсыластар да қарап қалған жоқ, Антон Сагадеев ұзаққа созбай есепті теңестірді.

Жеңіс шайбасын «астаналық» Алексей Кузнецов соқты, сөйтіп өз командасының есесін қайтарды. Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын өткен жолдастық кездесуде Владимир Беляевтің тәрбиеленушілері «Қар барыстарынан» 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

Жаңа команданың бас жаттықтырушысы Владимир Беляев бұл кездесулердің басты мақсаты — жеңіс емес, жаттығу және маусымда ойнайтын құраманы анықтау екенін айтып отыр.

27 шілдеден бастап «Астана» клубы алдағы маусымда ойнайтын өз құрамын ресми таныстыра бастайды. Клуб басшылығы елордалық хоккей клубымен бірінші болып келісімшартқа отыратын тоғыз ойыншының есімін бүгін, 27 шілде күні жария етпек.

Соңғы жаңалықтар