Жарияланды: 520

«Астана» - «Селтик» матчы тікелей эфирден көрсетіледі

«Астана» - «Селтик» матчы тікелей эфирден көрсетіледі

«Астана» - «Селтик» командаларының бірінші матчы 16 тамызда Глазгода өтеді, ал жауапты матч 22 тамызда елордада «Астана-Арена» стадионында өтеді деп күтілуде.

16 тамыздан 17 тамызға қараған түні сағат 00.45-те «Астана» және «Селтик» командалары арасында өтетін ойын Арбатта жазғы кинотеатрдың экранында тікелей эфирде көрсетілетін болады. Ойын турнирдің ең беделдісі- УЕФА Чемпиондар лигасының аясында өтпек.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы маусымда «Астана» ФК еуропалық турнирдің 2 және 3 квалификациялық раундынан өтті, аталмыш команда латвиялық «Спартак» (1:0, 1:1) және польшалық "Легия" (3:1, 0:1) командаларын ұтқан болатын. «Астана» командасының қарсыласы «Селтик» командасы Солтүстік Ирландиялық "Линфилд"  (2:0, 4:0) және норвеждік "Русенборг" (0:0, 1:0) командасын ұтқан. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін