"Астана" велоклубының шабандозы "Австрия турында" жалпы есепте көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Астана" велоклубының шабандозы "Австрия турында" жалпы есепте көш бастап келе жатыр

"Астана" велоклубының шабандозы "Австрия турында" жалпы есепте көш бастап келе жатыр

Австрияда велоспорттан "Австрия туры" көпкүндігі өтуде. 3 шілде күні жалауын көтерген бұл жарыста

  • 7 Шiлде 2011
  • 550
Фото - Caravan.kz

қазақстандық «Астана» велоклубының шабандозы Фредрик Кессякофф 4 кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте 16:54:37 уақыт көрсеткішімен көш бастап келе жатыр.

Жеңімпаздан алғашқы бестіктегілерден Мауро Сантамброджио (BMC Racing) 01:18, Леопольд Кениг (Team NetApp) 01:26, Карлос Састре (Geox-TMC) 01:34, ал Томас Рореггер (Leopard Trek) 01:46 секунд кейін қалып қойды. Бұл тізімде астаналық өзге шабандоздардан Андрей Мизуров 14-ші, Хосеп Хуфре 20-шы, Танел Кангерт 30-шы, Роберт Кисерловски 38-ші, Саймон Кларк 48-ші, Евгений Непомнящий 63-ші, Роман Киреев 107-ші сатыда тұр. Жалпы бұл дүбірлі дода 10 шілде күні аяқталады.