«Астана» велокомандасы Giro dItalya сайысында жеңіске жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велокомандасы Giro dItalya сайысында жеңіске жетті

«Астана» велокомандасы Giro dItalya сайысында жеңіске жетті

Бүгін «Астана» велокомандасының әйгілі Джиро де Италия велосайысындағы жеңісті жетістіктерін қорытындылау бойынша өткізілген баспасөз-конференциясында ҚР велоспорт Федерациясының Президенті Қайрат Келімбетов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ (команданың негізгі демеушісі) Басқарушы директоры Дархан Қалетаев велокоманданың жетістіктері ғана емес, болашақтағы жоспарлары да туралы ақпараттармен бөлісті.

  • 7 Маусым 2011
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Велоспорт Федерациясы хабарлады.

ҚР Велоспорт Федерациясының басқаруындағы «Астана» (Proteam Astana) кәсіби командасы Джиро де Италия (Giro dItalya) сайысына қатысқан 23 команданың арасында топ жарып, ең жүйрік команда ретінде жеңіске жетті. «Астана» командасының құрметіне Миланның орталығындағы Джиро де Италия мінберінде Қазақстан Респбликасының әнұраны шырқалды. Бұл- Әнұранның тұңғыш рет велоспорт сайысында орындалуы.

ҚР Велоспорт Федерациясының Президенті Қайрат Келімбетов атап өткендей, «Астана велокомандасы өте ерекше жоба. Осы велокоманданың арқасында елмен, елдің инвестициялық мүмкіндіктерімен, туристік мүмкіндіктерімен танысуға мүмкіндік туды. Жалпы, жоба, Қазақстанның өте сәтті спорттық, жалпы PR-жобаларының бірі.

Мұнан өзге, «Астана» командасының сайыстағы лидері, чех велошабандозы Роман КРОЙЦИГЕР ең үздік жас шабандоз ретінде — ақ жейдені жеңіп алды. Ал команданың келесі бір велошабандозы Паоло ТИРАЛОНГО көп күнге созылатын сайыстың финишіне 2 күн қалғанда Бергамо және Макуньяга қалаларының арасындағы қашықтық-сайыстың ең қиын кезеңінде жеңіске жетті.

ҚР Велоспорт Федерациясы команданың Джиро де Италия сайысындағы көрсеткен өнеріне қанағаттанды. Айта кетерлігі: «Астана» командасы осы маусымда өз қатарын біраз жастармен толықтырған еді. Джиро сайысындағы жоғарғы жетістікке қол жеткізуге команданың бас тренері, Team manager Джузеппе МАРТИНЕЛЛИдің сіңірген еңбегі зор. Бүкіл әлемнің велоспортшылары Мартинеллидің Астана командасын жетістікке жеткізу жолындағы еңбегіне тамсанды.

Енді команданың алдында тағы бір жарыс бар. Ол «Тур де Франс» сайысы. Бұл сайыста қазақстандық спортшы, әлемге әйгілі велошабандоз Александр Винокуров команданың капитаны болады.

«Астана» командасы бүкіл қазақстандық велоспорттың дамуына ықпал етіп отырған команда. Осы жылдың мамыр айынан бастап, жас, талантты велошабандоздарға стипендия тағайындалып, беріліп бастады. «Астана» Қазақстанның даңғыл жолдағы жарысқа және велотректегі жарысқа ыңғайланған ұлттық құрамаларды формамен және заманауи спорттық инвентарьмен қамтамасыз етіп отыр.

2011 жылдың наурыз айында «Астана-трек» атты кәсіби трек командасы тіркелді. Ол команданың да бас демеушісі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ. Команданың бас баспкері қазақстандық маман Валерий Кравченко.

Соңғы жаңалықтар