«Астана» велокомандасының шабандозының мас күйінде көлік жылдамдығын шектен асырып айдағаны үшін франция полициясымен арасында проблема туындады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астана» велокомандасының шабандозының мас күйінде көлік жылдамдығын шектен асырып айдағаны үшін франция полициясымен арасында проблема туындады

«Астана» велокомандасының шабандозының мас күйінде көлік жылдамдығын шектен асырып айдағаны үшін франция полициясымен арасында проблема туындады

«Астана» велокомандасының шабандозы Валентин Иглинскийді франция полициясы қамауға алды, деп шетелдік спорт сайттары хабарлады.

  • 28 Шiлде 2011
  • 484
Фото - Caravan.kz

Франциялық RTL арнасы шабандозды кеше кешкісін А8 тас жолында Ниццы қаласының маңында, ол көлікпен 203 км/сағ жылдамдықпен келе жатқанда ұстады деп хабарлады. Бұл сол жолдың учаскесінде рұқсат етілген жылдамдықтан 100 км/сағ-қа артық. Жағдай оның мас екендігінен соң одан сайын ушыға түсті. Қандағы алкоголь мөлшері франциялық заң рұқсат еткен мөлшерден тым асып кетіпті.

Кейбір БАҚ-тар хабарлағанына қарамай, Eurosport.fr сайты оның қанында есірткі анықталмағанын жазады.

В. Иглинский полицияға «Астана» командасының лидері, алдын Тур де Франс жарысында жарақат алған Александр Винокуровтың үйінде кештен шығып келе жатқанын айтыпты. Шабандозды полиция 1900 еуро кепілмен босатып және жүргізуші куәлігін алып қойыпты.

Оқиғаға қатысты шабандоздың өзі де, команда да әзірге ешқандай түсініктеме бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар