Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. 39 жастағы Виктор Кашшаи 1999 жылдан бері судьялықты атқарып келеді. Ал ФИФА-да жұмысын 2003 жылы бастады. Ол 2008 және 2012 Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы әлем чемпионатында өз қызметін атқарды. Ал оның мансабындағы ең есте қаларлық ойын – бұл Украина-Англия кездесуі. Еуро-2012 аясында өткен сол ойында венгрлік рефери украиналық Марко Девичтің голын есепке алмай қалып, артынша футбол қауымдастығының қысым көрсетуімен УЕФА-дан қуылды. Жалпы Кашшаи төрешіліктен өзге туристік агенттікте менеджер болып жұмыс істейді. Ол ағылшын және неміс тілдерін жетік меңгерген. Оның матч кезінде жүгірген орташа қашықтығы 12 шақырымға дейін жетеді. «Астана»-АПОЭЛ матчы 18 тамыз күні «Астана Арена» стадионында сағат 22:00-де басталады. Ақпарат http://www.24.kz/ сайтынан алынды.