Астанада 2 шілде күні «Қазақстан барысы-2017» иегері белгілі болады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада 2 шілде күні «Қазақстан барысы-2017» иегері белгілі болады

Астанада 2 шілде күні «Қазақстан барысы-2017» иегері белгілі болады

Қазақстан РеспубликасыТұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2017» иегері 2 шілде күні белгілі

  • 30 Маусым 2017
  • 919
Фото - Caravan.kz

Қазақстан РеспубликасыТұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы-2017» иегері 2 шілде күні белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 7-мәрте жалауы желбірейтін додаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан іріктелген 34 балуан жүлделі орындар үшін белдеспек. Жарыстың жүлде қоры — 50 миллион теңге. Айталық, балуандар әр белдесудегі жеңіс үшін — 100 000 теңге көлемінде сыйақы алып отырса, жарыс соңында бас жүлдені жеңіп алған балуан 25 миллион теңгені қалтасына басады, ал бапкері 3,5 миллион теңге сыйақы алады. Екінші орынға ие болған балуан 5,5 миллион теңгемен марапатталса, бапкері 1,8 миллион теңгеге ие болады. Үздік үштікті түйіндеген балуанның қалтасы 1,8 миллион теңгеге толықса, бапкері 900 мың теңгені қанжығасына байлайды. Бұл турнирде балуандар ғана емес, көрермендер мен жанкүйерлер де сыйлықсыз қалмайды. «Қазақстан Барысының» финалдық бәсекесіне кіру билеттері бойынша «Renault Logan» маркалы автокөлігі ойнатылады. Билеттер бағасы 500 теңге мен 5 мың теңге аралығында сатылымға шықты. Жарыс 2 шілде күні 13:00-де басталады. Оны «Қазақстан» және «Kazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді. Биыл финалдық кездесулер «Барыс Аренада» өтеді. Соңғы жылдары жарыс «Сарыарқа» велотрегінде және «Дәулет» спорт кешенінде ұйымдастырылып келген болатын.

2 шілде күні боз кілемде мына балуандар сынға түседі: 1. Бекбол Нұрланұлы, Ақмола облысы 2. Дәулет Әшірханов, Ақмола облысы 3. Шыңғыс Шоқпытов, Ақтөбе облысы 4. Нұрбек Досмағанбетов, Ақтөбе облысы 5. Александр Касачев, Алматы облысы 6. Ұлан Рысқұл, Алматы облысы 7. Кенжебек Күзембаев, Атырау облысы 8. Арман Қалиев, Атырау облысы 9. Ерназар Хамзин, Батыс Қазақстан облысы 10. Темірлан Көлбай, Батыс Қазақстан облысы 11. Айбол Айтбек, Жамбыл облысы 12. Абай Ерболұлы, Жамбыл облысы 13. Асыл Бәрменов, Қарағанды облысы 14. Ержан Шынкеев, Қарағанды облысы 15. Мақсат Исағабылов, Қызылорда облысы 16. Нұрым Сәлімгереев, Қызылорда облысы 17. Ерлан Омаров, Қостанай облысы 18. Абылайхан Қасымхан, Қостанай облысы 19. Нұрдәулет Жарылғапов, Маңғыстау облысы 20. Мейрамбек Жаңабай, Маңғыстау облысы 21. Әділжан Ыстыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы 22. Жолдасбек Бектұрсынов, Оңтүстік Қазақстан облысы 23. Әділет Нұрпейісов, Павлодар облысы 24. Самир Мәмедов, Павлодар облысы 25. Алтынбек Аусағитов, Солтүстік Қазақстан облысы 26. Ғизат Қалықов, Солтүстік Қазақстан облысы 27. Айбек Нұғымаров, Шығыс Қазақстан облысы 28. Мұхит Тұрсынов, Шығыс Қазақстан облысы 29. Руслан Әбдіразақов, Алматы қаласы 30. Дәурен Нұралинов, Алматы қаласы 31. Дархан Бижанов, Астана қаласы 32. Айбат Сейтен, Астана қаласы 33. Еламан Ерғалиев, Әскер Барысы 34. Олжас Шынкеев, Әскер Барысы Естеріңізге сала кетейік, биылғы турнирдің финалында үш рет «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев өнер көрсетпейді. Ол биыл өз еркімен жарыстан бас тартты. Алайда, жарыстың көрігін Ұлан Рысқұл, Айбек Нұғымаров және МұхитТұрсынов сияқты басқа да жеңімпаз балуандар қыздырары сөзсіз…



 

Соңғы жаңалықтар