Жарияланды: 470

Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді

Астанада алғаш рет дуатлоннан жарыс өтеді

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай елордада алғаш рет «Астана-дуатлон 2015» жарысы өтеді,

деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен. 

Қатысушылар велосипедпен 15 шақырым қашықтықты бағындырып, жартылай марафонда 5 шақырымға жүгіреді. Жолдың жалпы ұзындығы мерекелік датаға орайластырылған.
Спорттық шара 29 тамызда «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда сағат 10.00 басталады. Қатысушыларды тіркеу жарыс өтетін аумақта жүргізіледі және сағат 07:00 басталады.
Дуатлонға ынта білдірген адамдардың барлығы қатыса алады. Айта кетейік, осы сияқты жарыс барша әлем бойынша ірі қалаларда тұрақты түрде өткізіледі және кеңінен тараған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін