Астанада бокстан жасөспірімдер арасындағы жолдастық турнир өтіп жатыр
Бүгін Астанадағы «Dominant Boxing Club» бокс клубында «Dominant Junior Tournament» атты жасөспірімдер арасындағы жолдастық турнирі басталды. |
Оған Астана қаласының құрамалары қатысуда. Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып отыр.
Турнирге құрметті қонақ ретінде бокстан әлем чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спрот шебері Галиф Джафаров арнайы келіп, жас боксшыларға сәттілік тіледі.
Турнирде барлығы 32 спортшы бақ таластыруда. Олардың көбі спорт шеберлері, Қазақстан чемпиондары және 2012 жылғы бокстан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін