Астанада бүгін қыздар арасында Astana women's атты кәсіби теннис сайыстары басталады
Астана. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада бүгін қыздар арасында ITF Womens circuit сериясында "Astana women's" атты кәсіби теннис сайыстары басталады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Жарысқа Ресей, Грузия, Түркия, Украина, Австрия, Румыния, Германия, Қырғызстан, Беларусь, Израиль және Өзбекстаннан спортшылар қатысады. Сайыстардың сыйлық қоры - $25 000.
Елімізден оған Зарина Диас, Камилла Рафкат, Валентина Старкова және Майя Маралбаева сынды жас теннисшілер қатысады. Сайыстар 23 қарашада аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін