Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионаттың жеңімпаздары анықталды

Астанада черлидингтен I ұлттық чемпионат өз мәресіне жетті.

  • 5 Қараша 2012
  • 350
Фото - Caravan.kz

Оның жеңімпаздарына кубоктар мен дипломдар тапсырылды. Жарыс 1-4 сынып, 5-8 сынып оқушылары және 16 жастан жоғары жас категориялары бойынша черлидингтің «Cheer Mixed», «Cheer All Female Mixed», «Group Stunt Mixed», «Group Stunt All Female», «Чир Данс» түрлері бойынша өткізілген болатын. Әр түрлі аталымдар бойынша 1-4 сыныптар арасында Пари (Қарағанды), Кардинал (Алматы) топтары, 5-8 сынып оқушылары арасында Кардинал (Алматы), Tetcheer (Алматы), Экстрим (Алматы) және елордалық Астана тобы, 16 жас және одан жоғары жас аралығындағы топтар арасында Кардинал (Алматы), Экстрим (Алматы) командалары үздік атанды. Енді олар Азия біріншілігінде, тағы да басқа халықаралық черлидинг жарыстарында ел намысын қорғайтын болады.

Салтанатты шараға Черлидинг Халықаралық Федерациясының президенті Сетсуо Накамура мырза (Жапония), Еуропалық Черлидинг Федерациясының президенті Коросес Войко мырза (Словения), Азия Черлидинг Федерациясының Бас хатшысы Леблонд мырза қатысты.

Черлидинг чемпионатының ресми жабылу рәсімінде танымал Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт және лазерлік шоу өтті. Сонымен қатар чемпионаттың қонағы ретінде әлемнің үш дүркін чемпиондары Жапон елінің «DRIPPERS» командасы қатысушылар және елорда тұрғындары алдында өздерінің өнерлерін паш етті.

Айта кетейік, Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде черлидингтен I ұлттық чемпионат қазанның 3-4-і аралығында өтті. Бұл жарысқа жалпы 50-ден астам команда қатысты. Олардың ішінде би топтары, черлидинг клубтары және Қырғыз Республикасынан Бішкек черлидинг ұжымы бар. Қатысушылардың жалпы саны — 500 адам. Черлидинг — би, гимнастика мен акробатиканы үйлестірген спорттың бір түрі. Онда шоудың элементтері басым болады. Черлидинг 1870 жылдары АҚШ-та пайда болып, спорт командаларын демеуші би топтары арқылы танымал бола бастады.