Жарияланды: 480

Астанада екі ел университеттерінің баскетбол командалары сайысқа түседі

9 қараша күні сағат 13-00-де «Алау» спорт кешенінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баскетболшылары Г.И.Носов атындағы Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің баскетбол командасымен кездеседі.

Бұл туралы Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің баспасөз орталығы хабарлады. Бұл - Халықаралық студенттiк баскетбол лигасы (ХСБЛ) мүшелерінің қазақстандық алаңдағы тұңғыш кездесуі. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баскетболшылары ХСБЛ-ға кіретін Қазақстандық жалғыз команда. Еске сала кетсек,университет баскетболшылары 2012 жылғы қазан айында «Сенiң ойының. Сенің келешегің» деген ұранмен Мәскеуде Халықаралық студенттiк баскетбол лигасы ұйымдастырушыларының бiрiншi ресми кездесуіне қатысып, Халықаралық Студенттiк баскетбол лигасына, ТМД елдері арасындағы ЖОО-ның 22 командалар құрамына кiрдi. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінің баскетбол құрамасы кеңестік баскетбол жұлдыздарымен, ресми тұлғалармен жүздесіп қана қоймай, сондай-ақ, олардың мәскеулік алаңдарында алғашқы ойындары өткен болатын. Студенттік баскетбол Қауымдастығының президенті А.В. Коновалов ХСБЛ құрудың маңыздылығын атап, екі ел арасын біріктіретін байланысқа тоқталып, Халықаралық Студенттiк баскетбол лигасының алдын ала ойын кестесі құрылып, келісім-шартқа қол қойылды. Ал өз кезегінде, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Абзал Талтенов және спорт клубының төрағасы Айдос Уранхаев бастаған студенттік баскетбол құрамасы алаң иелерін Қазақстанға шақырған болатын. Енді, міне, еуразиялықтар «Алау» спорт кешенінде Магнитогорск мемлекеттік техникалық университетінің баскетбол құрамасын қарсы алмақ. Сонымен қатар, баскетбол алаңында Мәскеу, Қазань, Уфа және басқа да қалалардың құрама командаларымен қызықты да тартысты ойындар күтіп тұр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін