Жарияланды: 440

Астанада ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Women's» турнирі басталды

Қазақстанның елордасында 13 маусым күні ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Women's» турнирі басталды,

деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Әйелдер арасында өтетін бұл жарысқа Қазақстан, Мажарстан, Словения, Украина, Чехия, Ресей, Германия, Қырғызстан, Италия, Грекия, Сербия, Ұлыбритания және Израиль спортшылары қатысуда. Қазақстанның атынан болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған Дарья Бережная (Петропавл), Залина Хайрутдинова (Team Kazakhstan), Наталья Бережная (Team Kazakhstan), Камила Керімбаева (Team Kazakhstan), басқа да спортшылар қатысады. Бұл турнир - Қазақстандағы теннисті дамыту үшін аса маңызды, себебі ол жас спортшыларға кәсіби турнирде ұпай жинауға және өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Турнирдің жалпы жүлделік қоры - 25 мың доллар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін