Астанада ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Womens» турнирі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Womens» турнирі басталды

Астанада ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Womens» турнирі басталды

Қазақстанның елордасында 13 маусым күні ITF Womens Circuit сериясындағы кәсіпқой теннисшілердің «Astana Womens» турнирі басталды,

  • 14 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Әйелдер арасында өтетін бұл жарысқа Қазақстан, Мажарстан, Словения, Украина, Чехия, Ресей, Германия, Қырғызстан, Италия, Грекия, Сербия, Ұлыбритания және Израиль спортшылары қатысуда.

Қазақстанның атынан болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған Дарья Бережная (Петропавл), Залина Хайрутдинова (Team Kazakhstan), Наталья Бережная (Team Kazakhstan), Камила Керімбаева (Team Kazakhstan), басқа да спортшылар қатысады.

Бұл турнир — Қазақстандағы теннисті дамыту үшін аса маңызды, себебі ол жас спортшыларға кәсіби турнирде ұпай жинауға және өз шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік береді. Турнирдің жалпы жүлделік қоры — 25 мың доллар.

Соңғы жаңалықтар