Астанада саңыраулар арасында Қазақстан Республикасының футбол чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада саңыраулар арасында Қазақстан Республикасының футбол чемпионаты өтеді

Астанада саңыраулар арасында Қазақстан Республикасының футбол чемпионаты өтеді

Шілденің 5 мен 9-ы аралығында Астанада саңыраулар арасында футбол спортынан Қазақстан Республикасының кезекті чемпионаты өтеді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне біріншілікті ұйымдастырушылар хабарлады.

  • 3 Шiлде 2003
  • 534
Фото - Caravan.kz

Бәсекеге Астана, Семей, Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Шымкент және Алматы құрамаларын қамтыған ұзын саны 150 спортшы мен жаттықтырушы қатысады.

Бұл жарыс — алдағы жылы Малайзияда өтетін Азия аймағының іріктеу ойындарына қатысатын еліміздің Ұлттық құрамасына мықты спортшыларды таңдау мақсатымен өткізіледі. Ең таңдаулы екі құрама 2005-жылы Австралияның Мельбурн қаласында өтетін саңырау-мүгедектер арасындағы Олимпиада ойындарына жолдама алады.
Футбол спортынан мүгедектер арасындағы Ұлттық біріншілік елімізде 1993-жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Бұған дейін Қазақ ССР-інің құрамасы 1986-жылғы Кеңестік чемпионатта бірінші орынды жеңіп алған болатын. Ал 1996-жылы тәуелсіз Қазақстан құрамасы Малайзияның Куала-Лумпур қаласында өткен Азиялық ойындарда 12 құраманың арасында 5-орын иемденді. 2000-жылы Тайваньның Тайбэй қаласында Қазақстандық спортшылар бір саты жоғары көтеріліп 4-орынды жеңіп алды. Қазақстан құрамасы сондай-ақ, бұдан басқа да көптеген турнирлерге қатысып жүлделі орындарда көріне білді.
Чемпионатты өткізуге ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі, штатты ұлттық құрамалар мен спорттық резервтер дирекциясы, мүгедек-спортшылардың Астанадағы «Қайсар» спорт мектебі , «ЭксонМобил Қазақстан инк.» компаниясы мен Алматы тоқыма комбинаты қатарлы мекемелердің қолдауы арқасында жүзеге аспақ.

Соңғы жаңалықтар