Астанада стритболдан Әлем чемпионаты басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада стритболдан Әлем чемпионаты басталды

Астанада стритболдан Әлем чемпионаты басталды

5 маусымға дейін созылатын жаһандық бәсекеге 30 елден 200-ге тарта спортшы келді. 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан додада командалар төрт топқа бөлінген.

  • 1 Маусым 2016
  • 274
Фото - Caravan.kz


«В» квартетінде өнер көрсететін Қазақстан құрамасы алғашқы матчын бүгін Румынияға қарсы өткізеді. Мәртебелі турнирды Астанаға сеніп тапсырған Халықаралық баскетбол федерациясының өкілдері байрақты бәсекенің ұйымдастыру деңгейіне жоғары баға беріп отыр. Сондай-ақ былтырғы жылы әлем чемпионатында бас бәйгені иеленген Жаңа Зеландия командасының өкілі Тай Вайнард та биыл фавориттер қатары арта түскенін айтып отыр. Алекс Санчес, Халықаралық стритбол федерациясының президенті: — Стритболдан әлем чемпионатын өткізуде үлкен мән бар. Біз бұл бәсекені Орталық Азия елдерінде ұйымдастыру арқылы баскетболдың өрісін кеңейте түсеміз. Халықаралық турнирдің жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін.

 

Соңғы жаңалықтар