Астанада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты басталды
Қазақстандық теннис турының аясында 27 маусым мен 2 шілденің аралығында Астанада теннистен Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді, |
деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметінен.
Турнирдің мақсаты - Қазақстанда теннисті дамыту, спортшылардың шеберліктерін шыңдау, күшті спортшыларды анықтау және спорттық разрядтарды орындау.
10 мың АҚШ долларын құрайтын жүлделік қор үшін Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Талдықорған, Семей, Өскемен және Тараз теннисшілері күш сынасады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін